Алматыда автобустардың 274 катализаторы ұрланған

Не болды?

Қазан айында қоғам қайраткері Санжар Боқаев Алматыдағы автобустардың жартысына жуығы катализаторсыз жүргенін мәлімдеген еді. 274 автобустың катализаторы жоқ, өйткені ұрланып кеткен. Бұл туралы Kursiv.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Катализаторлар жаппай ұрланған соң Алматы әкімдігі полицияға арызданған.

Қазір қалада 2,7 мың автобус, 90 электробус және 150-ден астам троллейбус жүреді. Жеке тасымалдаушылар көлігінде катализатор бар екенін айтқан. Катализаторсыз қалған тек «АлматыЭлектроТранс» компаниясының автобустары.

Анықтама

Катализатор — зиян газдардың шығарындысын азайтатын құрылғы. Олар қымбат болғандықтан, кесіп алып кетеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда бірнеше автобус және троллейбус паркі жаңарады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да