Осыған дейін бұл рекорд Мюнхеннің «Бавария» командасына тиесілі болып келген еді.
Түнде өткен ойында «корольдік клуб» өз алаңында «Севильяны» 4:1 есебімен ұтты. Нәтижесінде барлық турнирлерде 62 ойын қатарынан гол соққан алғашқы команда атанып отыр.
«Реал» соңғы рет өткен жылдың 26 сәуірінде «Манчестер Ситимен» 0:0 есебімен тең ойнаған. Одан бергі аралықтағы барлық ойындарында қарсыластар қақпасына кем дегенде бір гол соғып келеді.
Түнде өткен ойындарда «Барселона» да 3 ұпайға ие болды. Каталондық клуб сырт алаңда «Лас-Пальмасты» 4:1 есебімен ұтты. Қазіргі таңда «Барселона» мен «Реал» 87 ұпаймен үзеңгі қағыстырып тұр. Дегенмен мадридтік ұжымның әлі өткізетін бір кездесуі бар.