Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 7 қарашада Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да