Басты бет / Жаңалықтар /
мешіт
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ораза мен Құрбан айт күндері белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни мерекелер күнтізбесін бекітті.

Кесте бойынша, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түніне сәйкес келеді.

Ораза айт 20 наурызда, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырда атап өтіледі.

10f6c1d860d5e332e04c17225ca74796 Ораза мен Құрбан айт күндері белгілі болды
Фото: muftyat.kz

Діни басқарма мамандары мерекелердің нақты күндері айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан күнтізбе бір күнге алға не артқа жылжуы ықтимал екенін ескертті.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram