АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға келеді

Не болды?

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді. Бұл туралы Марко Рубио Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сыртқы істер министрлерімен кездескенде мәлімдеді. 

Мәлімет

Сапар келер жылға жоспарланған. Американың мемлекеттік хатшысы «Уашиңтон кейінгі 10 жылда қарқыны бәсеңдеген қатынасты қайта күшейтуге ниетті» деп айтып өтті.

Өткен аптада АҚШ-тың арнайы өкілі Серджио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Орталық Азия елдеріне барып қайтты. Сол үшін алғыс айтамын. Олар маңызды кездесулер өткізді. Енді өзім келер жылы баруды жоспарлап отырмын. Бес елді де аралаймын, бұл сапар бір аптаға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін, – деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Естеріңізге салайық, Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

АҚШ 187 елдің халықаралық тауар пошта сәлемдемесін қабылдауға шектеу қойды. Тізімге Қазақстан да енді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да