Алматыда жаңа «Тұздыбастау» қосалқы станциясы іске қосылады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылыс нысанын аралап, жұмыстың барысын тексерді.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесу кезінде нысанды пайдалануға беру және қаланың дамып келе жатқан аумақтарының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Қуаты 110/10-10 кВ болатын қосалқы станция Түрксіб және Медеу аудандарын, сонымен қатар Алматы облысына жақын елді мекендерді сенімді энергиямен қамтуға бағытталған.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту – қаланың тұрақты өсімінің негізі. «Тұздыбастау» қосалқы станциясы жаңа шағынаудандарды үздіксіз электрмен қамтуға және желілердің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – жұмысты межеленген мерзімде әрі сапалы аяқтау, – деді Дархан Сатыбалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да