Алматыда мердігер компания құрылыс лицензиясынан айырылды

Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы AsiaMax жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген құрылыс лицензиясының қайтарылғанын хабарлап отыр.

Мердігер ұйым Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі сыртқы кәріз желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген болатын. Алайда жоба мерзімі ұзаққа созылып, тұрғындарға қолайсыздық туғызу сынды мердігер бірқатар кемшілік жіберген.

Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде жобалық шешімдерден айтарлықтай ауытқулар мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты мердігерге әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде міндетті нұсқама берілді. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысу құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да