Air Astana қысқы ұшу кестесіне көшеді

Не болды?

Air Astana әуе компаниясы 2025 жылғы 26 қазаннан бастап, 2026 жылғы 28 наурызға дейін қысқы ұшу кестесін енгізеді.

Мәлімет

Жаңа ұшу бағдарламасы жолаушыларға ел ішіне және шетелге саяхаттауға мүмкіндік береді.

Air Astana қыста Азия мен Таяу Шығыстағы демалыс бағыттарына қызығушылық артатынын ескеріп, жаңа кестеде Малдив аралдарына, Фукуокқа, Дубайға, Бәңкокқа және Пхукетке ұшатын рейс жиілігін арттырды.

Контекст

Естеріңізге салайық, Air Astana АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылғы наурыздың соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүше қызметтерінен кетеді.

Air Astana қазан айының соңынан бастап Ақтау, Шымкент және Астанадан Сауд Арабиясына тікелей рейстерді қайта іске қосады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да