Не болды?
Air Astana АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылғы наурыздың соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүше қызметтерінен кететінін хабарлап отыр.
Мәлімет
Дегенмен Питер Фостер директорлар кеңесіне аға кеңесшісі болып, компаниядағы қызметін жалғастыра бермек. Бір айта кетерлігі, Питер Фостер Air Astana компаниясын 20 жыл басқарған.
Компанияның бас атқарушы директоры қызметіне қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалады.

Ибрахим Жанлыел 2003 жылдан бері Air Astana компаниялар тобының құрамында істеп келеді: бастапқыда коммерциялық бағыттағы басшылық қызметтерді атқарып, 2017 жылдан бері қаржы жөніндегі атқарушы директоры лауазымында істеп келеді.
Естеріңізге салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болған.
Ал наурыз айында «Тбилиси-Алматы» бағытындағы Air Astana ұшағы Бакуге қонуға мәжбүр болған еді.
