Не болды?
Оқушылар арасындағы Азия ойындарында жас шахматшылар 22 жүлде алды. Бұл туралы Шахмат Федерациясы хабарлап отыр.
Мәлімет
1 қарашада Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында оқушылар арасындағы шахмат ойындары аяқталды. Бір аптаға созылған байқауға 16 елден 675 жас шахматшы қатысты.
Қазақстан чемпионатқа 38 шахматшы алып барған еді. Нәтижесінде 22 жүлде алды (оның 10-ы – алтын).
Алтын медаль алғандар:
- Әлихан Хажатұлы екі алтын, бір күміс алды (15 жаста, Жетісу облысы);
- Нұрәлі Нұршин екі алтын алды (9 жаста, Астана);
- Малика Жаппарбекова екі алтын алды (15 жаста, Астана);
- Алдияр Жарас бір алтын және бір қола алды (13 жаста, Алматы);
- Нұрмұхаммед Қабиназар бір алтын және бір қола алды (15 жаста, Алматы);
- Рамазан Төлеген (11 жаста, Алматы облысы);
- Ақерке Молдағали (13 жаста, Астана).
Күміс пен қола
Тағы 10 оқушы күміс пен қола алды. Олар:
- Нұрислам Сұлтанхан (9 жаста, Түркістан облысы);
- Сүлеймен Ахмет (13 жаста, Павлодар облысы);
- Венера Жәкішева (7 жаста, Астана);
- Милана Филиппова (11 жаста, Алматы);
- Ақниет Күмісбай (9 жаста, Маңғыстау облысы);
- Әдия Мамеш (11 жаста, Астана);
- Макар Чернышов (7 жаста, Алматы);
- Әлихан Дәулет (17 жаста, Алматы);
- Нұрсұлу Оразалина (17 жаста, Астана).
Командалық есепте Қазақстан шахматшылары рапидте үздік нәтиже көрсетсе (4 алтын және 4 күміс), классикада (2–1–2) үшінші, блицте (4–2–3) екінші орын алды.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, 13 жастағы Марк Смирнов шахматтан екі дүркін әлем чемпионы болған еді.
