Елімізде 1 миллион адам тіркеусіз жүрген

«Уақытша тіркеу туралы заң күшіне енгелі бері Қазақстанда 1 миллион 442 мың адам тіркеуге тұрды. Олардың ішінде 695 000 адам тұрақты тіркеуге тұрса, 746 мыңы — уақытша тіркеуге отырғандар», — деді Дөненбаева «Вечерняя Астана» газетіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астананың өзінде 250 мың адам тіркеуге тұрды. Енді, осы мәліметтердің негізінде жергілікті атқарушы органдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, мектеп пен балабақшаларды салу, жалпы қаланы дамыту жоспарларын түзете алады.

«Негізі, баспананың ауданына қарай әрбір адамды тіркеуге қою тетіктері заңмен бекітілгеннен кейін Астанада пәтерді жасырын жалға беру әрекеттері азаюы керек едң. Дегенмен, Президенттің тікелей тапсырмасы мен жергілікті биліктің қолға алып жатқан шараларына қарамастан,пәтерді заңсыз жалға беру мен тіркеуге қою бизнесі әлі де бәсеңдейтін емес», — дейді Дөненбаева.

ДереккөзInform.kz