Уақытша тіркеу коммуналдық төлемдерге әсер етпейді

«Адамдар уақытша тіркелген адам пәтер иесінің мүлкін ортақтасуға құқылы деп ойлайды. Алайда, олай емес. Уақытша тіркеу ондай алаяқтыққа жол бермейді. Оның үстіне, уақытша тіркеудің нақты мерзімі көрсетіледі. Ол мерзім аяқталғанда тіркеудің заңды күші жойылады, яғни уақытша тіркелген адам автоматты түрде тіркеуден шығып қалады.

Сондай-ақ, уақытша тіркеу коммуналдық төлемдерге әсер етпейді. Біздің мәліметтер базамыз бөлек.  Тіркелгеннен кейін барлық мағлұмат жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына енгізіледі. Ал, коммуналдық қызмет көрсетіп отырған компаниялар бұл базаға кірмейді», — деді Гульвира Дөненбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтар күні күшіне енген заңға байланысты, 7 ақпанға дейін тұрғылықты мекен-жайға тіркеуге тұрмаған азаматтарға айыппұл қарастырылған.

Егер үй-жайдың құжаттары дайын болмаса, жұмыс орны бойынша немесе туған-туысқандардың үйіне уақытша тіркеуге тұруға болады.

ДереккөзInform.kz