Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Нигерия азаматы қайда екені анықталмай жатыр

Не болды?

Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша Нигериядан Адиндо Нонсо Фортунені экстрадициялауды талап етіп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.

Мәлімет

Ақжарқынның ісін бақылап отырмыз. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмаймыз және оның экстрадициясына қол жеткізгенге дейін жұмыс істейміз. Мұнда белгілі бір рәсім бар: алдымен Интерпол іздестіріп жатқан адамның орналасқан жерін анықтайды, содан кейін экстрадиция тетігі іске қосылады. Қазір оның қай жерде екені анықталуын күтіп отырмыз. Орналасқан жері белгілі болған сәттен бастап, бірден экстрадиция мәселесімен айналысамыз, – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Анықтама

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайда есірткі контрабандасы айыбы бойынша ұсталған еді. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Қыз тағылған айыпты мойындамай, тасыған чемоданның ішіндегі заттарды білмегенін мәлімдеген.

Контекст

Ақжарқын Тұрлыбайдың туыстары Бас прокуратурадан оны елге қайтаруды өтінген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайды елге әкелуге ықпал ететінін айтқан еді.

Нигерия азаматы Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екені мәлімдегенген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да