Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина кішкентайлы болды

Қуанышты жаңалықты Қыдырәлі өзінің инстаграмдағы парақшасында бөлісті.

«Сүйінші, Қазақ Елі! Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың «іңгәсін» естіп, кішкене абдырап, түс көріп жатқан жоқпын ба десем, ояумын, қызық та қуанышты, өң мен түс араласып кеткендей, бақыттың «нокдаун»-нан есеңгіреп қалғандай, ғажап бір хәлдемін… Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де, мінезін де көркімен, ұзақ ғұмырымен, баянды Бақытымен, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп, екі өмірдің абыройын нәсіп еткей! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай… Қайырлы түн!», — деп жазды әнші.

Сүйінші,-Қазақ Елі ! Жүрегім қуанышқа толып,Алла бере салған Бақыттың «іңгәсін» естіп,кішкене абдырап,түс көріп жатқан жоқпын ба десем,ояумын,қызық та қуанышты,өң мен түс араласып кеткендей,бақыттың «нокдаун»-нан? есеңгіреп қалғандай,ғажап бір хәлдемін…Бәріңізбен бөліскім келеді ! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып,айқайлағым келеді !Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін ! Аллаға сансыз мадақ айтамын ! Мейірімді Алла берекесімен бергей ! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де,мінезін де көркімен,ұзақ ғұмырымен,баянды Бақытымен,өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп,екі өмірдің абыройын нәсіп еткей ! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай…Қайырлы түн !

A post shared by Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman) on

Айта кетейік, осыған дейінгі сұхбаттарында Қарақат бесінші сәбиін күтіп жүргенін айтқан еді.