Ақтөбе облысындағы жол апаты: ТЖМ науқасты Астанаға жеткізді

Ақтөбе облысындағы 12 адам қаза болған жол апатында ауыр жараланған науқас Астанаға арнайы ұшақпен жеткізілді. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

50 жастағы ер адам Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшағы арқылы елордаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды.

Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді. ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қазан күні «Самара–Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза болды.

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан соң «Самара-Шымкент» тасжолының бір бөлігі жабылды. 

Жол апатының себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да