Илон Маск Уикипедияға балама платформаны таныстырды

Не болды?

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Grokipedia атты Уикипедияға балама платформаны таныстырды. Бұл туралы Business Insider хабарлап отыр.

Мәлімет

Grokipedia.com сайты 27 қазан іске қосылды. Алайда кейбір пайдаланушы платформада ақаулар барын хабарлаған. Басты беттегі мәлімет бойынша, сайт кітапханасында 885 279 мақала бар. Ал Уикипедияда — 8 миллионнан астам.

Бұл жоба Масктің саяси тұрғыда біржақты қарайтын жүйелерге қарсы кезекті талпынысы. Бұған дейін Уикипедияның жанкүйері болған Маск оны либералдық көзқарастары үшін сынаған еді, — делінген материалда.

Уикипедияның негізін қалаушы Жимми Уейлс өткен аптада Уәшиңтон Пост газетіне берген сұхбатында Грокипедиядан үлкен үміт күтпейтінін айтты. Оның пікірінше, мәтінді өңдеуге арналған жасанды интеллект үлгілері әлі жетілмеген, сондықтан қателер көп болады.

Контекст

Естеріңізге салайық, осыған дейін Қазақстан халқы Илон Масктің Starlink спутниктік интернет қызметін пайдалана алатыны туралы жазған едік. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да