2025 жылдың басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 964 қайтарымсыз грант берілді. Оның ішінде 5 539 грант ауыл тұрғындарына тиесілі.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Жыл басынан барлығы 22,7 мыңнан астам өтініш қабылданған. Оның ішінде:
-
көпбалалы отбасылардан – 14,8 мың,
-
мүгедектігі бар адамдардан – 3,6 мың,
-
мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналардан – 2,6 мың өтініш түскен.
Гранттар көбіне технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алу (3 930 және 2 589 грант), мал шаруашылығы (2 228 грант) және орын-жайды жалға алу (135 грант) бағыттарында берілген.
Биыл өтініш қабылдау екі кезеңмен өтті. Қазіргі уақытта үнемделген қаражат есебінен үшінші қосымша лек іске қосылған. Қосымша 270 грант еліміздің 9 өңірінде бөлінеді.
Гранттар үміткерлердің бизнес-жобаларын аудандық және қалалық комиссиялар қарап, Business.enbek.kz порталы арқылы электронды форматта рәсімделеді.
Келесі жылы да 9 мың грант беру жоспарланып отыр.
