Президент халықты Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.

Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды, – деді президент.

Ол халыққа «зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс» тілеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да