Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда 8 мың оқушы орнына арналған жаңа мектептер ашылды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Солардың бірі – Медеу ауданында орналасқан, жобалық қуаты 2 мың оқушы орны болатын №220 жалпы білім беретін мектеп.

Бұл жалпы білім беретін мектеп өз шағынаймақтағы орын тапшылығын толық жабады. Жалпы, 1 қыркүйектен бері қалада 12 жаңа мектеп ашылды. Республика күніне орай осы аптада тағы төрт білім беру мекемесі пайдалануға беріледі. Бесінші мектеп – қараша айында, ал тағы сегізі – жыл соңына дейін «сатып алу» тетігі арқылы іске қосылады, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Оның айтуынша, мегаполисте биылғы оқу жылында барлығы 24 мектеп ашылады, соның ішінде 21 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

Бұл тарихи максимум. Бұған дейін бір оқу жылында мұншама жаңа мектеп пайдалануға берілмеген. Мұның барлығы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының арқасында жүзеге асты, – деді Азамат Қалдыбеков.

№220 мектеп заманауи үлгіде салынған, оның құрамында 83 оқу кабинеті, төрт спорт залы, сонымен қатар асхана, кітапхана, медициналық пункт, конференц-зал, спорт алаңы, теннис корты, волейбол және баскетбол алаңдары бар.

Мақалаға реакция