Оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталып жатыр. Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да