Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге келесі жылдың көктеміне дейін мораторий енгізілді.
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мораторий аяқталған соң, мұнай өнімдері күрт қымбаттап кетпей ме деген сұраққа жауап берді.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс біздің өңірге де әсер етті: көрші елде мұнай өнімдері қатты қымбаттап жатыр. Бұған қоса отынның көрші мемлекеттерге әртүрлі жолдармен, түрлі сылтаулармен шығарылу қаупі бар. Өкінішке қарай, мұндай жағдаймен тек әкімшілік әдістер арқылы күресу қиын. Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, осы тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын анықтауға шешім қабылдадық. Қалай болғанда да, Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмашылығын қысқарту қажет, бірақ оны тез арада жүзеге асыру мүмкін емес, – деді Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, мораторий аяқталғаннан кейін де бензин бағасы күрт өсіп кетпейді.
