Ақмола облысының ауруханаларына 22 «Жедел жəрдем» автокөлігінің кілті тапсырылды

Салтанатты шараға облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жəне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнəр Құлышева қатысты.

Гүлнəр Құлышева

«Қазіргі таңда медициналық мекемелердің барлығының материалдық-техникалық базасы нығайып, соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар, «Жедел жəрдем» автокөліктерімен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі шара міне, соның бір  айғағы», деген басқарма басшысы Гүлнəр Құлышева облыс əкіміне алғысын жеткізді.

«Жалпы, ауруханаларға 35 «Жедел жəрдем» автокөлігін сатып алу үшін облыстық бюджеттен 470 миллион теңге қаржы бөлінді. Халыққа дер кезінде  қажетті медициналық көмек көрсету  үшін барлық жағдайлар жасалынуда. Осы  жасалып жатқан игі істің бəрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дəстүрлі Жолдауында көрсетілген басымдықтардың  аясында жүзеге асырылуда», деп атап өтті басқарма басшысы.

Жалпы, Ақмола облысында медициналық мекемелерді «Жедел жəрдем» автокөліктерімен қамтамасыз ету мəселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, өткен жылы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 622,1 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Ағымдағы жылы бұл бағытқа 1,7 миллиард теңге қарастырылып отыр.