Қазақстанда 3 мыңға жуық ауыл интернетке қосылады

2027 жылдың соңына қарай тағы 3 мыңға жуық ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бұл туралы үкімет хабарлап отыр.

Қосымша 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, оның 2 724-і 3G технологиясы бойынша, ал 2 182-і 4G бойынша қосылған. Интернетке тіркелген қолжетімдік 1 902 ауылда (ADSL) және 2 654 ауылда (ТОБЖ) бар.

2027 жылдың соңына қарай тағы 3 мыңға жуық ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бұдан бөлек, 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологиялар арқылы желіге қосу жоспарланған. Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылатын болады.

2025 жылғы маусымда Starlink-пен келісімге қол қойылды, ол осы жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанда ресми түрде қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда Starlink спутниктік интернеті 1,7 мыңнан астам ауылдық мектептерде жұмыс істейді, — делінген үкімет хабарламасында.