Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстаннан сиыр етін шығаруға уақытша тыйым салынуы мүмкін

Фото: Аqmeshit-aptalygy.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан сиыр етін шығаруға жыл соңына дейін шектеу енгізуді жоспарлап отыр.

Министрлік «Ашық НҚА» порталында «Ірі қара мал етін (сиыр етін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын жариялаған. Оған сәйкес, сиыр етін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынуы мүмкін.

Бұйрық жобасында 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген. Мұндағы мақсат –  елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сонымен қатар сиыр етіне бағаны тұрақтандыру, — делінген құжатта.

Бұйрық жобасы 22 қазанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Мақалаға реакция