Не болды?
Алматыда ATP–250 санатындағы Almaty Open–2025 турнирі өтті. Турнирдің бас жүлдесін Ресей теннисшісі Даниил Медведев жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлап отыр.
Мәлімет
Даниил Медведев финалда француз Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Осылай, $160,5 мың жүлдені алды.
Финал 2 сағат 36 минутқа созылды. Медведев кездесуде сегіз эйс жасап, бес рет қос қате жіберді және тоғыз брейк-пойнттің төртеуін тиімді пайдаланды.
Корентен Муте 26 жаста. Ол финалда бір эйс соғып, бірде-бір қос қате жібермеді және бес брейк-пойнттің үшеуін іске асырды.
Осылай, спорт жолында ATP жарысында 40 рет финалға шыққан Даниил 21-титулын жеңіп алды. Ол бұған дейін 2023 жылғы мамыр айында чемпион болған еді.
Кейде ойныма көңілім толмайды. Алайда жеңістің орны бөлек. Бұл – матчтың ең маңызды кезеңінде жақсы ойнадым деген сөз. Әсіресе, шешуші ойын ерекше болды. Титулды жеңіп алғаныма қуаныштымын. Осымен 21 қалада 21 трофей алып отырмын, — деді Медведев ойыннан соң.
Өкінішке қарай, Қазақстан теннисшілері Денис Евсеев, Михаил Кукушкин, Әмір Омарханов, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Александр Шевченко әр кезеңде турнирден шығып қалды.
Контекст
Естеріңізге салайық, әнші Димаш Құдайберген осы турнирдің ашылу салтанатында жаңа әні «Самғауды» шырқаған еді.
Анықтама
Almaty Open ATP 250 – халықаралық деңгейдегі ірі теннис турнирі және әйгілі әртістер қатысатын ерекше мәдени іс-шара.
