Экс-министр Нұрлан Байбазаров жаңа қызметке тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде бірқатар тағайындау жүргізді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Сол сияқты Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да