Семей қаласының жаңа әкімі сайланды

Не болды?

12 қазан күні Семей қаласында еліміз бойынша алғаш рет қала әкімін тікелей сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша, қала әкімі болып Абай облысы Көкпекті ауданының бұрынғы басшысы Әділет Қожанбаев тағайындалды. Бұл туралы Семейдің аумақтық сайлау комиссиясы хабарлап отыр.

Мәлімет

17 қыркүйек күні әкімдік сайтында Семей әкімі болуға үміткер үш азаматтың тізімі жарияланған еді.

Жаңа әкімнің қарсыластары: Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.

Қала тұрғындары тұңғыш рет өз әкімін тікелей дауыс беру арқылы сайлап жатыр. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың нақты жүзеге асуының айқын көрінісі. Семей тұрғындарының белсенді қатысуы – елдегі саяси мәдениеттің өскенін және халықтың өз қаласының тағдырына жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Бұл – тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы сенімді нығайтатын жаңа дәуірдің бастауы, – деді облыс әкімі Берік Уәли.

Абай облысы Семей әкімі болып сайланған Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы 1980 жылғы 1 қаңтарда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш аулында дүниеге келген. Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да