Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашып кетпек болды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.
ПД мәліметінше, мас жүргізуші тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болды. Бородулиха ауданына қарасты Жезкент ауылында тәртіп сақшылары 33 жастағы Mazda жүргізушісін ұстады. Ол полицейлерден қашып кетпек болған. Оның артынан қуғын ұйымдастырылып, кейін көлікті тоқтатуға мүмкіндік туды.
Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді. Тексеру оның орташа дәрежеде мас болғанын растады. Сот ереже бұзушыға 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігін жеті жылға айырды, — делінген хабарламада.
