Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Павел Дуров Көлсай көліне түскен. Ұлттық парк өз қызметкерлерін тексеріп жатыр

Фото: Ақорда

Не болды?

Telegram негізін қалаған Павел Дуров Көлсай көліне түскен. Бұл көлге түсуге тыйым салынған. Ұлттық парк өкілдері Павел Дуровтың әрекетн емес, соған жол берген өз қызметкерлерін тексеріп жатыр.

Мәлімет

Павел Дуров елімізге сапары кезінде Көлсайдың салқын суына түскен. Ол мұны Telegram-дағы сторисіне жариялап, «жақсы шомылдым» деп жазған.

Павел Дуров, Көлсай
Видео скрині

Көлсай — ерекше қорғалатын аумақ. Көлге түсуге тыйым салынған. Алайда Павел Дуровтың әрекеті емес, сол әрекетке жол берген саябақ қызметкерлері үстінен қызметтік тексеріс басталған.

Саябақ басшылығы қызметтік тексерісті бастап кетті. Оның қорытындысы бойынша, аумақты дұрыс бақыламаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылады, — деп хабарлады саябақтың баспасөз қызметі.

Контекст

Естеріңізге салайық, Павел Дуров Астанадағы Digital Bridge форумына қатысу үшін келген. Ол Қазақстанда ЖИ зертханасын ашты.

Ақпарат

Көлсай көлдері – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған үш көл. Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 метрге жуық, Орта Көлсай 2600 метр және Төменгі Көлсай 2130 метр биікте орналасқан.