Қазақстанда туристер жиі баратын бес көрікті жердің тізімі

  1. Іле Алатауы. Былтыр Іле — Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 628 мың турист келіп кетті;

2. Бурабай. 2022 жылы Көкшенің көрікті жерлеріне 550 мыңнан астам адам барып қайтты;

3. Көлсай көлдері. Бұл жерге шетелдік туристер де көп барады. Былтыр жалпы 190 мыңнан астам адам Көлсайды көрген;

4. Баянауыл ұлттық паркі. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған;

5. Шарын шатқалы. Былтыр бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келген. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен.