«Қазақстан мамбеттерімен танымал» деген қыздың ісі сотқа түсті

«Қазақстан мамбеттерімен танымал» деген Алика Мұхамадиеваның ісі сотқа түсті. Бұл туралы Ulysmedia сайты жазып отыр.

Іс Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотында қаралады. Судья істі қабылдап, негізгі сот отырысы күнін белгілеген. Негізгі сот отырысы 14 қазанда 10:30-да өтеді.

Айыпталушы Алика Мұхамадиева Threads-желісінде «Қазақстан несімен танымал?» деген сұраққа «Мамбеттерімен» деп жауап берген. Ол қылмыстық кодекстің  174-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпталып отыр.

«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабында айыппұл салудан бастап, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алика Мұхамадиева екі айға қамауға алынған. Қарағанды полиция департаменті айыпталушының елден қашып кетпек болғанын хабарлаған.