Петиция: халық Тиматидің Қазақстанға келуіне қарсы

Не болды?

Қазақстанда Тиматидің концерттерін тоқтатуды талап ететін петицияға дауыс жинау басталды. Threads қолданушылары бастаманың e-Petition порталына тіркелгенін жазып жатыр. Автор елдегі рэпердің барлық концертін тоқтатуды талап етіп, халықты қолдауға шақырады.

Мәлімет

Қазіргі таңда петиция модерациядан өтіп жатыр: бұл үшін 20 күн ішінде кемі 50 адам қол қоюы қажет.

Тимати, петиция
Фото: Threads

Контекст

Естеріңізге салайық, кыркүйек айының басында Тимати Астана мен Алматыда концерті өтетітін мәлімдеген еді. Осыдан кейін Қазақстан азаматтары оның Украинадағы соғысты қолдайтынын еске алып, елімізге келуіне қарсы болған еді.

Анықтама

Тимати — ресейлік рэпер Тимур Юнусовтың лақап аты, ZA әртіс. Оған Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты деген айып тағылған.

ZA әртіс — Украинаға қарсы соғыс басталғаннан кейін Ресейде пайда болған саяси символ. Оны ресейдің әскери әрекеттерін қолдау үшін қолданады («ZA фашизмсіз әлем», «ZA Ресей» және т.б.).

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да