Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +6…+8°С болады. Қостанайда жауын-шашынсыз, +8…+10°С, түнде -2…-4°С жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, күндіз жел күшейеді, ауа +6…+8°С болады. Павлодар мен Қарағандыда негізінен бұлтты, кей уақытта аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі.

Орталық пен шығыс аймақтарда күн салқын. Қарағандыда түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, +4…+6°С жетеді. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +10…+12°С болады. Өскемен мен Семейде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, температура +6…+8°С шамасында.

Батыс өңірлерінде ауа райы жылырақ әрі жауын-шашынсыз. Оралда күн +15…+17°С, Атырауда ашық күн, +19…+21°С болады. Ақтөбеде +14…+16°С, Ақтауда +20…+22°С шамасында болады.

Оңтүстік облыстарда күн жылы әрі жауын-шашынсыз. Таразда түнде тұман түсуі ықтимал, күндіз +15…+17°С жетеді. Шымкент пен Түркістанда күн ашық, +20…+22°С жетеді. Қызылордада күндіз +17…+19°С, ал Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында жауын-шашынсыз, күндіз +13…+17°С болады.