Тоқаев Стәнфорд университетінің профессорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Стәнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады.

Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да