Қазіргі заманғы боксшы: Головкин номинант атанды

Не болды?

Халықаралық бокстың Даңқ залында (International Boxing Hall of Fame) 2026 жылғы кандидаттарға дауыс беру басталды. «Қазіргі заманғы боксшылар» санатындағы номинанттар қатарына алғаш рет орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин енді. Бұл туралы Boxing scene хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстан боксшысы GGG Халықаралық бокстың Даңқ залының (IBHOF) соңғы бюллетеніне енді. Бұл жерде  2026 жылы жаңа мүшелерді қабылдау үшін қазылар алқасы дауыс береді.

Головкиннен бөлек осы номинацияға америкалық Вернон Форрест пен ирландиялық Стив Коллинз ұсынылған.

Жыл сайынғы бюллетень тарату – бокс үшін ерекше кезең. Бүкіл әлем қауымдастығы дауыс беру нәтижесін асыға күтеді. Өйткені дәл сол кезде бокс даңқтыларының тізіміне кімнің енетіні белгілі болады, – деді IBHOF директоры Эдуард Брофи.

Дауыс беру нәтижесі қашан белгілі болады?

Бюллетеньдер 1 қазанда таратылды. Ал нәтиже жарияланатын баспасөз кездесуі биылғы желтоқсан айында өтеді. Дауыс беруге Америка бокс жазушылары ассоциациясының мүшелері және бүкіл әлемнің бокс тарихшылары қатысады. Номинанттар қатарында Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Аустралия, Нидерланд, Германия, Мексика және АҚШ өкілдері бар.

Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі

Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылғы қыркүйекте өткізіп, трилогиядағы үшінші кездесуде мексикалық Сауль «Канело» Алвареске ұпай бойынша есе жіберген еді.

Ақпарат

Генадий Головкин — Қазақстан боксшысы. Қазіргі уақытта World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы әрі Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да