Сауалнама: Генадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекте кім жеңіске жетеді?

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы 26 жастағы мексикалық Сауль Альварес ақыры түбі WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдарының чемпионы 35 жастағы отандасымыз Генадий Головкинға қарсы жекпе-жек өткізуге келісім берді. Бұл мегафайт Альварестің отандасы Хулио Сезар Чавеске қарсы жеңісінен соң бірден жарияланды.

Жекпе-жек 16 қыркүйек күні АҚШ-тағы Невада штатында Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланды.

PaddyPower-дің болжамына сәйкес, 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин жеңімпаз атанады деген мүмкіндік басым болып тұр. Оның жеңісі қойылған коэффицент 1,57-ті құраса, Альварестің жеңісіне 2,5 коэффиценті қойылды. Ал айқас тең аяқталады деген болжам 21-ге бағаланып отыр. Қазақстанның букмекерлері болса, өз болжамын әлі жариялаған жоқ.

[totalpoll id=»25025″]