Алматыда жылудың қашан берілетіні белгілі болды

Алматыда жылыту маусымы уақытынан бұрын басталуы мүмкін. Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылу беру тәртібін түсіндірді.

Қалада ауа райының тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен деңгейде қатарынан бес күн сақталған жағдайда жылу маусымын бастауға шешім шығарылады. Жылу кезең-кезеңімен беріледі.

Алдымен балабақшалар, мектептер, ауруханалар, колледждер мен әлеуметтік мекемелерге, одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар және қонақүйлерге, ары қарай әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары мен театрларға жылу беріледі, — дейді мамандар.

Айта кетейік, 2-4 қазан күндері Алматыда күндіз 10-15 градус жылы, ал түнде термометр бағанасы 3-5 градусқа дейін төмендейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да