Түсті металл дайындамаларын елден шығаруға тыйым салынды

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елден түсті металл дайындамаларын экспорттауға тыйым салатын жаңа бұйрық жариялады.

Тыйым 2025 жылғы 7 қазаннан бастап күшіне енеді.

2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары келесідей өнімді көліктің барлық түрімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу енгізілсін, — делінген бұйрықта.

Атап айтқанда бұл тыйым мыналарға қатысты:

  • тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары;
  • илектеуге арналған дайындамалар;
  • өзге де мыс қорытпалары;
  • бұралған сым, кабельдер;
  • өрілген сымдар және электр оқшаулаусыз мысдан жасалған ұқсас бұйымдар және өзге де бұйымдар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да