Алматыда металл өңдеу цехынан өрт шықты

Ақпаратқа сәйкес, бүгін таңғы сағат 06:59 — да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекен-жайында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын-ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған,- делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше өрт 08:57- де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алматы, цех, өрт
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі