30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында қазақстандық «Қайрат» пен испаниялық «Реал Мадрид» футбол клубтарының ойыны өтеді.
Кездесу сағат 21:45-те басталады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
«Қайрат» бұған дейін Португалияда «Спортиңге» қарсы ойнап, 1:4 есебімен жеңілген болатын. Ал ертең клуб мадридтік «Реалмен» кездеседі. Бұдан кейін алматылықтарды «Арсенал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» клубтарына қарсы матчтар күтіп тұр.
Айта кетейік, «Реал Мадрид» ойыншылары Алматыға келді. Халықаралық әуежайда УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушыларды қазақы дәстүрмен қарсы алды.
