Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды

14 наурызда Grammy басты музыка жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті.

Анама, әкеме, командама, менеджерім Кириллге рақмет. «Грэммиге» рақмет, — деді Иманбек Зейкенов 2021 жылғы «Үздік ремикс» аталымы бойынша жеңімпаз жарияланғаннан кейін.

Иманбек Зейкенов жеңісінен кейін өзінің Instagram-парақшасында жазба жариялады.

Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе — Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, — деп жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Иманбек Зейкенов Павлодар облысының Ақсу қаласында теміржолшы болып істеген. 2016 жылы шыққан «Roses» әніне 2019 жылы ремикс жасаған.

Imanbek – Грэммиге үміткер болған алғашқы қазақстандық. Ремикс YouTube-те 145 миллионнан астам рет қаралым жинаған.

Иманбек Зейкеновтің нұсқасында трек 20 аптадан астам уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-тің топ-10-ға кірді, Shazam музыка қосымшасында 22 миллионнан астам рет қаралды. Ұзақ уақыт бойы «Яндекс. Музыка» чартында бірінші орынға ие болды.

Бұған дейін Imanbek-тің британ диджейі Marshmello және АҚШ әншісі Usher-мен бірлесіп Too Much атты трек жазғанын хабарлаған едік.