Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қалаға айналды

Фото: Нұрназар Әмзе

Не болды?

Алматы — Орталық Азиядағы ең қымбат қала. Бұл туралы Numbeo-ның жаңа рейтиңінде жазылған.

Мәлімет

Кейінгі зерттеу қорытындысы бойынша, Алматы — өмір сүру құнының 39,4 индексімен әлемде 346-орынға жайғасты. Осылай, көршілес елдердің астанасын басып озды. Мысалы, Астана 366-орынға (26,5) жайғасып, Бішкек (26,8) және Ташкентпен (26,2) шамалас деңгейде тұр. Дегенмен Алматы әлі де Мәскеуден (45,2 – 230-орын) және Ереваннан (41,5 – 257-орын) арзанырақ.

Өмір сүру құны индексіне не кіреді?

Numbeo рейтиңі азық-түлік, көлік, коммунал қызметтер және басқа да негізгі қажеттік бағасын ескереді. Негізгі нүкте ретінде Нию-Йорк алынған, оған 100 балл берілген. Көрсеткіш кестеде осыдан жоғары болса (80, 90 балл, …), өмір сүру қымбат, төмен болса (110, 120 балл, …), арзанырақ деген сөз.

Әлемдегі көшбасшылар

Маусым айындағы ең қымбат қалалар Швейцария мегаполистері болды: Зюрик (112,5), Женева (111,4), Базел (110,7), Лозан (110,5), Лугано (108,4) және Берн (103,4). Бұл қалалардағы өмір сүру Нию-Йоркке қарағанда 3–12% қымбат. Үздік ондыққа Рейкиавик (96,2), Хонолулу (94,4) және Сан-Франсиско
(90,7) да кірді.

Тұрғын үй жалдау бағасы рейтиңді өзгертеді

Есепке пәтерді жалға алу құны қосылғанда, Нию-Йорк әлемдегі ең қымбат қалаға айналады. Өйткені мұнда бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны — айына 4,2 мың доллар.

Бұл көрсеткіште де Алматы Орталық Азия қалалары арасында көш бастайды.

Бұл тұрғындар мен қонақтар үшін нені білдіреді?

Туристер мен шетел азаматтары үшін Алматы Еуропа немесе АҚШ мегаполистеріне қарағанда әлдеқайда арзан қала бола береді. Ал тұрғындар үшін Алматыда өмір сүру қымбат, өйткені табыс аз.

Мақалаға реакция