Алматы полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматын қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлап отыр.
ІІМ мәліметінше, олар «Құқық қорғау» және «Заңсыздық» жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде анықталған.
- 11 қыркүйекте аса ауыр қылмыс жасаған 33 жастағы азамат ұсталды.
- 15 қыркүйекте есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен үш жыл бойы жасырынған 49 жастағы ер адам қамауға алынды.
Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, экстрадициялау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар полицейлер іздеуде жүрген тағы 12 адамды ұстады. Бір азаматтың хабар-ошарсыз кеткеннен кейінгі жүрген жері анықталды.
