Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елде 1990 жылдары жасалған қылмыстардың беті ашылып жатыр

Фото: ІІМ
Қазақстанда жыл басынан бері бұрын ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстық істер қайта зерделеніп, олардың ондағаны ашылды. Тергеу барысында ДНҚ-сараптамасы мен заманауи технологиялар маңызды рөл атқарған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Polisia.kz мәліметінше, құқық қорғау органдары жыл басынан бері өткен жылдардағы ашылмаған аса ауыр қылмыстық істерді қайта қарап шыққан. Олардың басым бөлігі 1990 жылдары мен 2000 жылдардың басында тіркелген.

Қазір мұндай қылмыстарды ашуға заманауи технологиялар көмектесіп отыр. Ішкі істер министрлігі жанында молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Сонымен қатар қылмыстарды ашуда цифрлық шешімдер кеңінен қолданылып жатыр.

Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыстың беті ашылған. Жиналған дәлелдер негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындай бастаған. Мысалы, Павлодар облысы мен Қарағанды облысы аумақтарында бұрын тіркелген адам өлтіру фактілері бойынша қылмыстар ашылды, — делінген хабарламада.

ДНҚ қылмыскерлерді әшкереледі: екі облыста ескі кісі өлтіру деректері ашылды

ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев бұл істерді тергеуде ДНҚ-сараптамасы шешуші рөл атқарғанын айтты.

ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылап отыр, – деді ол.

ІІМ мәліметінше, әрбір ашылған қылмыс әділдіктің орнағанын және жазаның бұлтартпастығы қағидатының сақталатынын көрсетеді.

Ведомство өкілдері уақыттың қылмыскерлер үшін қорған болмайтынын атап өтті. Олардың айтуынша, заңды өрескел бұзған әрбір адам ерте ме, кеш пе анықталып, заң алдында жауап береді.

Мақалаға реакция