Астанада мамырдың екінші онкүндігі жаңбырлы болады

Жауын-шашынның айлық мөлшері климаттық норма шамасында (норма:35 мм) болжанып отыр. Астанада жаңбырлы ауа райы 13 мамырда келеді. Бұл күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, күндіз + 22-27 градус.

14 мамырда көшпелі бұлт шығып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел тұрады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы.
15 мамыр күні де осындай ауа райы болжанып отыр. көшпелі бұлт шығады, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел тұрады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы.
16 мамырда қалада қатты жаңбыр жауады, шығыстан қатты жел тұрады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.

17 мамырда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы төмендейді. Түнде 0-5 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы.

18-20 мамыр аралығында жаңбырлы ауа райы қайта оралады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +17 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. 21- 24 мамыр аралығындағы кезеңде қалада жауын-шашынсыз, ауа температурасы 22 градусқа дейін ысиды. Алайда 25 — 31 мамыр аралығында жаңбыр жауып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6-11 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеді: жауын-шашынға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшіріліп, су тасқындарына қарсы шаралар жүргізіледі.

Азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін қалалық 109 қызметімен бірге үш ауданда халықтан өтініштер қабылдайтын диспетчерлік қызметтер құрылады: «Алматы» ауданы 48-43-37, «Есіл» ауданы 48-43-26, «Сарыарқа» ауданы 48-43-92, төтенше жағдайлар кезінде 54-58-19,38-57-09 номерлерімен орталық диспетчерлік қызметке хабарласуға болады.

ДереккөзKazhydromet.kz