Сізге және смартфоныңызға арналған 9 лайфхак (Сурет)

1. Тез және оңай зарядтал!

Кез келген смартфонды жылдам қуаттау үшін, оны «Авиа режимге» қою керек. Осы режим іске қосылғаннан кейін, бірден энергия көздерін көп алатын функциялар (GSM, Bluetooth, Wi-Fi) автоматты түрде сөндіріледі. Осы әрекет арқылы аккумулятор зарядты тезірек алады. Телефоныңызды қуаттау кезінде оның басқа да функцияларын пайдаланБАсаңыз, діттеген мақсатыңызға жылдам қол жеткізесіз.

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Егер розетка қолайлы жерде орналаспаса, мәселені бір минутта-ақ шешуге болады. Ол үшін қайшы/пышақ және пластик бөтелке/құты қажет. Қажетті құралдар арқылы «қалта» жасап, ішіне телефоныңызды салып, розеткаға іліңіз. Бұл құралдарды таппаған жағдайда, смартфонды жай ғана пакетке салып қуаттасаңыз да болады.

2. Қуаттағышыңыз жоқ па? Уайымдамаңыз!

Бұл кеңес саяхатшыларға, үйден жыраққа кеткендерге арналады. Қазіргі заманауи теледидарлардың артында USB кабельдерге арналған орын бар. Онымен еш қиындықсыз смарфоныңызды зарядтай аласыз. Кез келген қонақүй, кафелерге барғанда, иелерінен рұқсат сұрап, телефоныңызға «жан» бере аласыз. Әрине бұл үшін қалтаңызда USB шнур болуы керек.

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Кей төтенше жағдайларда батарейканы қолыңызбен немесе джинсы матаға үйкелесеңіз де болады. Бұл лайфхак 100% кәдеге асады деп айта алмаймыз. Дегенмен, шұғыл жағдайларды осы тәсілді байқап көріңіз.

3. Дыбысын арттыр!

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Үйге достарыңыз келіп, кішірігім кеш жасағыңыз келсе немесе табиғат аясында әуен тыңдағыңыз келсе, кез келген смартфонның дыбысын оңай арттыруға болады. Қолдан жасалған құрал арқылы таптырмас дыбыс «күшейткіштерін» жасауға болады.

4. Шнуры ұзақ қызмет етсін!

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Бұл лайфхакты көбі біледі, алайда қолданбайды. Қарапайым әрекеттер арқылы шнурдың ғұмырын арттыруға болады. Ол үшін бар болғаны қаламсаптың серіппесін кигізіп қою керек.

6. Оң мен солды ажырата біл!

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Симметриялы құлаққабыңыздың оң және сол жағын ажырата алмай жатсаңыз, мына лайфхак кәдеңіз жарауы мүмкін. Нақты бір жағын жай ғана бір рет шимайлап қойыңыз (қатты тартудың қажеті жоқ).

7. Жарық бер!

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Смартфон көмегі арқылы бөлмеге қалай жарық беруге болады? Ол үшін пластик бөтелкеге су құйып, шамы жағылған смартфонның үстіне қойсаңыз, жарықты күшейтуге болады. Тек оны қолайлы етіп орналастырыңыз.

8. Заттарыңды жоғалтпа!

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Заттарыңызды қайда қойғаныңызды немесе кімге уақытшаға бергеніңізді ұмытпау үшін, оларды смартфоныңызға фотоға түсіріп алыңыз. Галереяңызды ақтарып отырып, ненің кімде екені есіңізге түсетін болады. Бастысы — қайтарылған зат пен досыңыздың суретін өшіріп отыруды ұмытпаңыз.

9. Уақытымды үнемде!

Смартфон, лайфхак
Иллюстрация ©iphones.ru

Соңғы лайфхак сымдарға қатысты болмақ. Жұмыс үстеліңізді артық заттардан арылту үшін қолдан түрлі қолайлы құралдар құрастыруға болады.

Ал Сіз қандай пайдалы лайфхактарды білесіз? Айтарыңыз болса, Сізден пікір күтеміз.