Каспий теңізінің жағалауындағы үңгірлер музейге айналады

Туризм – қыруар кірістің көзі. Алысқа бармай-ақ Анадолы елін алып қарайық. Төрт теңізге жағалай қонған Түркия қазынасының басым бөлігін шетелдік меймандарды қабылдаудан құрап отыр.

Бізде де көпке көрсетер көне орындар көп. Мәселен, Каспий жағалауындағы үңгірлер. Хан ордалы Сарайшық, Абай, Домалақ ана кесенелерін салған белгілі сәулетші Сайын Назарбекұлы бұл орындарды ескі қазақ жазуларының музейіне айналдыруды ұсынып отыр.

«Сол жерге Шумер жазбаларынан бастап, Күлтегін, Тоныкөк, Орхон-Енисей жазулары мен Қаратау, Іле бойы және Маңғыстау тастарындағы таңбаларды жинасақ», – дейді ол.

«Мәдениет бірінші сөйлеуден, екінші жазудан басталады. Сонда біздің сөзіміз 5500 жыл бұрын өмір сүрген шумерлердің тілінде жүрсе, біздің жазуымыз сол заманнан бері қарай жалғасып келе жатса, қазақ халқынан ұлы халық бар ма? Жоқ! Ең ұлы халықтардың біреуіміз. Соны жастардың жүрегіне сіңіру керек. Елбасы айтқан Мәңгілік елдің белгілері осы»,- дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сайын Назарбек.

ДереккөзKhabar.kz