Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 19:03-те (Астана уақытымен) магнитудасы 3,1 жер асты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматының оңтүстігіне қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетерлігі, Қырғызстандағы елді мекендерде бұл дүмпулер сезілмеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да