10 мамырдағы ауа райына болжам

Оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Тек оңтүстік-батыста күн ашық.

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, жел екпіні күндіз – 15-20, тіпті 23-28 м/с-ге дейін жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында желдің күші 15-23 м/с-ге дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау мен Алматы облыстарында күндізгі уақытта найзағай ойнайды.