Елбасы Макронды Францияның Президенті болып сайлануымен құттықтады

 «Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін», — деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

«Өзара іс-қимылымыз өрістеп, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтан тұтамыз. Сізбен және Франция үкіметімен ортақ мүдделі мәселелер жөнінде жаңашылдық пен талпыныс рухында бірге жұмыс бастауға дайынбыз. Жан-жақты ықпалдастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая береді деп үміттенемін», — делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Франция көшбасшысының бастамаларына сәттілік, ал француз халқына бақ-береке тіледі.

Дереккөзinform.kz

3 пікір

  1. Францияның таңдауы Макрониға түсті. Президент ретінде елдің дамуына зор ықпал жасайды деп ойлаймын.

  2. Дипломатиялық қарым-қатынасты әрі қарай жалғастыруда президенттің инициативасы өз рөлін ойнайды.

  3. Елбасының сөзіне құттықтаймын. Екі елдің қарым-қатынасы одан әрі гүлдене түседі деп ойлаймын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да